#РецептПеременЦентральнойАзии

Климаттың өзгеруі жер шарына және тұтынатын тағамдарға орны толмас қауіп төндіреді, сол себепті егер сіздің жасыңыз 18 бен 35 аралығында болса және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда тұрсаңыз,

2018 жылдың 30 сәуіріне дейін Слоу Фуд #ӨзгерісАсханасы кампаниясына қосылыңыз:

  1. Слоу Фудтың фейсбуктегі ресми парақшаларына жазылыңыз: Slow Food International және Слоу Фуд, ал Вконтакте және Инстаграмда: @Slowfood_international;
  2. Тамақ өндірісі, тамақтану жүйесі және климаттың өзгеруі жайында жеке пікіріңізді кез-келген өзгеше тәсілмен білдіріңіз, #ӨзгерісРецепті #РецептПеремен және #СлоуФуд хэштегтерін, әлеуметтік медианы пайдалана отырып, өз таныстарыңызға эстафетаны жолдаңыз. Мысалы:

– Тағам қалдықтарынсыз және ет қоспай, жергілікті, маусымдық азық-түліктен #ӨзгерісРецепті #РецептПеремен дайындап жатқан фотосуреттер немесе бейнежазба түсіріңіз;

– Климаттың, тамақтанудың, өмір сүру салтының кері өзгеруін болдырмаудың қарапайым және қолжетімді тәсілдері туралы анимациялық ролик жасаңыз;

– Азық-түлікті қайдан және қалай таңдайсыз, climate-friendly мәзірін қалай жасайсыз, сол туралы live-стримингтің бірнеше сериясын түсіріңіз;

– 2018 жылдың 21-22 наурызында Ұлыстың Ұлы күнін тойлау уақытында немесе 2018 жылдың 28 сәуірінде өтетін Халықаралық Дискокеспе (Дискосуп) күнін атап өту кезінде тамақты қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы акция немесе іс-шара ұйымдастырыңыз.

#ӨзгерісРецепті және #СлоуФуд хештегтерін пайдаланып бұл туралы әлеуметтік медиада мәлімдеңіз.

Және Италияда өтетін «Терра Мадре Салон Вкуса 2018» кездесуіне шақыру ұтып алыңыз!*

Өзіңіз жайында келесі ақпараттарды жазуды ұмытпаңыз:

*Слоу Фуд ең белсенді және ерекшеленген қатысушылар арасынан төрт мемлекеттен бір-бір жеңімпаздан таңдап алады. Бағы жанған жеңімпаздар 2018 жылы 20-24 қыркүйекте Туринде өтетін «Терра Мадре Салон Вкуса» Слоу Фуд қозғалысының басты іс-шарасына қатысады. Олар әуе билеттерімен және шара өтетін күндері баспанамен қамтамасыз етіліп ұлттық делегация құрамына кіреді.

 

#ӨзгерісРецепті #РецептПеремен

#ӨзгерісАсханасы #КухняПеремен

#СлоуФуд

 

www.slowfood.com/network/ru/

 

 

  • Did you learn something new from this page?
  • yesno